From Wikipedia, the free encyclopedia
V Георг (ағылш. George V; 3 маусым 1865 — 20 қаңтар 1936) — 1910 жылдың 6 маусымынан 1936 жылдың 20 қаңтарына дейін билік құрған Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалықтарының патшасы. Уэльстік ханзада (кейін VII Эдуард) мен ханшайымның екінші ұлдары.
V Георг George V | ||||
V Георг | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 мамыр 1910 — 20 қаңтар 1936 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 22 маусым 1911 | |||
Ізашары | VII Эдуард | |||
Ізбасары | VIII Эдуард | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Протестантизм | |||
Дүниеге келуі | 3 маусым 1865 Лондон, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы | |||
Қайтыс болуы | 20 қаңтар 1936 (70 жас) Сандрингем, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы | |||
Жерленді | Виндзор сарайы | |||
Балалары | 1. Эдуард (1894—1972) 2. VI Георг (1895—1952) 3. Мария (1897—1965) 4. Генри (1900—1972) 5. Георг (1902—1942) 6. Джон (1905—1919) | |||
Қолтаңбасы | ||||
V Георг Ортаққорда | ||||
өңдеу |
1865 жылы 3 шілдеді Лондондағы Мальборо-хауста туған; шоқындырылғаннан кейін Георг Фридрих Эрнст Альберт есімі берілді. Әкесі — VII Эдуард, анасы — Александра Даниялық. Ол Ресей императоры III Александрдың жұбайы, сондай-ақ Ресейдің соңғы императоры II Николайдың анасы — Мария Федоровнаның туған әпкесі. V Георгтың келбеті II Николайға қатты ұқсаған, себебі олар аналық ұрпақ бойынша немере ағалар, яғни Георгтың анасы Александра және Николайдың анасы Дагмар Дания патшасы – IX Кристианның қыздары болған[1].
Георг әскери-теңіздік білім алды. 1877 жылдың қыркүйегінде 12 жасар Георг бауырымен бірге HMS Britannia оқу кемесіне кадет болып қабылданады[2]. Үш жыл аралығында 1879 жылдан бастап HMS Bacchante корветінде мичман қызметін атқарады.
14 қаңтар 1892 жылы тұмау эпидемиясының барысында ағасы — Альберт Виктор қайтыс болады. Ағасының өлімі Георгті таққа мұрагерлер сатысында екінші орынға көтерді. 1892 жылдың мамырында Виктория патшайым немересіне Йорктік герцог титулын тағайындайды.
1901 жылдың қаңтарында Виктория патшайымның өлімінен кейін тақ мұрагері ретінде Георг Англиядағы Корнуолл және Шотландиядағы Ротсей герцогтіктерін алды, ал 1901 жылдың 9 қарашасында өткен әкесі — VII Эдуардтың тәж кигізу жорасынан кейін Уэльстік ханзада атағына ие болды.
6 мамыр 1910 жылы Георгтің әкесі VII Эдуард патша қайтыс болады. Георг патша болып жарияланып 1911 жылдың 22 маусымында Вестминстерлік аббаттықта тәж киеді.
Англияда жаңа патша екі күрделі саяси мәселе кезікті. Оның біріншісі лордтар палатасы қауым палатасымен ұсынылған бюджеттен бас тартты; бұған жауап ретінде олар лордар палатасының билігін айтарлықтай шектейтін парламент жайлы билльді ұсынды. Премьер-министр Герберт Асквиттің талабы бойынша патша парламент жайлы билльдің күшіне ие болуына әрекет етуі қажет болды. Екіншісі — Ирландиядағы гомруль (өзін-өзі басқару құқығы) қабылдау мәселесі. Бұл жағдай бойынша тіпті көтерілістің шығуы мүмкін еді, сондықтан патша 1914 жылы барлық партия өкілдерін шақыртты, алайда ешбір шешім қабылданбады. Ағылшын-ирланд келісімі тек 1921 жылы ғана қабылданды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде V Георг барлық жеке және әулеттік германдық титулдардан бас тартып, патшалық үйдің атауын Саксен-Кобург-Готтан Виндзор әулеті деп өзгертті.
Патшаның билік ету кезінде Вестминстерлік статут қабылданған, бұл статут доминиондардың құқықтық жағайдын және Ұлыбританиямен қарым-қатынасын орнатты: ол Британ Достастығын құрды, ал Георг бүкіл доминиондардың патшасы атанды.
Өмірінің соңғы жылдары V Георг созылмалы өкпе ауыруымен ауырған еді, сондықтан да оның денсаулығы бірнеше рет ауыр жағдайда болған. V Георг Сандринхемде 1936 жылдың 20 қаңтарында қайтыс болады. Тек 50 жылдан кейін оның лейб-медигі барон Бертран Доусон ауыр бронхиттан кейінгі кома үстіндегі патшаны өз қолымен морфин мен кокаин егу арқылы эвтаназия жасаған[3]
V Георгтің әр титулына байланысты ауыстырылған гербтері. Патшаның гербі патшалық елтаңбаның түрлендірілген нұсқасы болып табылады.[4]
V Георг 1837 – 1901 жылдары билік еткен Ұлыбритания патшайымы – Виктория патшайымның немересі, яғни Викторияның үлкен ұлы – Альберт Эдуардтың (кейін таққа отарғаннан кейін VII Эдуардтың) екінші баласы. V Георг қазіргі Ұлыбритания патшайымы — II Елизаветаның атасы болып табылады.
Виктория (Ұлыбритания патшайымы)IX Кристиан
V Георг
|
Ізашары: VII Эдуард |
Ұлыбритания патшасы, Индия императоры 1910—1936 |
Ізбасары: VIII Эдуард |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.